376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Казақстан мен Корея ғалымдары жылқы өсіру тәжірибесімен бөліседі

  • 1220

Қазақ ғалымдары корей әріптестерімен жылқы өсіру тәжірибесімен бөліседі.

Ал Корея ғылыми институттары Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз ауа райы жағдайында соя өсірудің қыр-сырын ашып береді. Ірі қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарының басшылары Кореяға сапар аясында осындай келісімге келді.

Кореялық Конкук университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті елімізде бірлескен кафедра ашуға келісті. Корейліктерді қазақстандық жылқы өсіру тәжірибесі қызықтырады. Бірақ олар үшін жылқы еті азық емес.

Әйіп Ысқақов, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының бас директоры

- Осы Конкук университетінің ғалымдары қазір Қазақстанға келіп жылқы шаруашылығы бойынша бірлескен жұмыс істеуді көздеп отыр. Себебі жылқы майынан олар әртүрлі косметикалық заттар алады екен. Ал Корея медициналық туризм, косметика шығару жағынан ілгері келе жатқан ел. Сондықтан Қазақстаннан мал шаруашылық саласындағы көптеген шикізатты алып, соны қор есебінде пайдалану көзделіп отыр.

Ким Су Ки, Конкук университетінің профессоры:

- Чечжудо аралында шамамен 25 мың бас жылқы бар. Бірақ оларды мініп серуендейміз. Жалпы, аптасына 3-4 жылқы сойылады. Алайда мал басын көбейту үшін технология жетіспейді. Сондықтан жылқы өсіруде жетістікке жеткен Қазақстаннан тәжірибе алғымыз келеді.

Кореяда дәнді дақылдың 150 мың түрі сақталған роботтық ген банкі құрылды. Сондай өсімдіктің бірі соя қазір корей елінде тапшы. Сондықтан оның егіс алқабын 100 мыңнан 400 мыңға ұлғайтып, Солтүстік, Батыс және Шығыс Казақстанда өсіру көзделіп отыр.

Серік Кененбаев, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Конкук университетімен қатар Кенбук университеті. Олардың ғалымдары соя дақылдарын өсірумен айналысады. Осы университеттің профессормен біз жолықтық. Олардың гендік қорымен біздің ғылыми-зерттеу институтында сеуіп көріп, оны ары қарай жалғастыру.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – кадр даярлау. Кореялық университеттердің бірінде жергілікті соя сұрыптарын қазақстандық аспирант зерттеп жатыр. Қазақстанға оралып, ол корейлік әріптестермен бірге өзінің тәжірибесін басқаларға үйретіп, тіпті сояның жаңа сұрпын шығаруды көздеп отыр.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Санг Хен

Хабар 24 телеарнасы