384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: ЭЫДҰ байланысты дамыту - Қазақстанның басты бағытының бірі

  • 556

2017 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 55 елдің азаматтары үшін визалық талаптар жеңілдейді.

Бұл туралы Сауда саясатын дамыту орталығы мәлімдеді. Бүгінде еліміздің сыртқы экономикалық саясаттағы басымдықтың бірі - аталған халықаралық ұйыммен тығыз байланыс жасау. Айта кеткен жөн, былтыр Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тұңғыш Елдік бағдарламасын әзірлеген үш елінің бірі болды.

Нұрлан Құлбатыров, сауда саясатын дамыту орталығы директорының орынбасары:

- Биылғы жылы ЭЫДҰ сарапшыларының берген ұсынымдары негізінде елімізде даму бағдарламаларына, сонымен қатар Қазақстан 2025 даму жоспарында, отбасы және гендерлік саясат, салалық бәсекелестік, инвестициялық заңнамаларында көптеген ұсыныстар өз орнын тапты.

Хабар 24 телеарнасы