376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде метро маңында жарылыс болды

  • 696

Мәскеудегі «Коломенская» метросының жерасты өткелінде жарылыс болды.

Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға салдарынан 7 адам жараланған. Жарылыстан сол маңайда тұрған бірнеше көлікке зақым келді, деп хабарлайды ТАСС.

«Андропов даңғылында орналасқан «Коломенская» метро станциясының жерасты өткелінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан бірнеше адам жараланды. Қазір олардың бірінің жағдайы ауыр»,- делінген жедел әрекет ету қызметтері таратқан ресми мәлімдемеде. 

Оқиғаға сол маңайда жөндеу жұмыстарын жүргізген дәнекерлеуші қолданған газ баллонның жарылуы себеп болуы мүмкін.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы