375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу Андрей Карловты ақтық сапарға шығарып салды

  • 651

Мәскеу жұрты Анкарада қаскөйдің қолынан қаза тапқан Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты ақтық сапарға шығарып салды.

Қоштасу Смоленская алаңынан басталған. Кейін шіркеуде арнайы жоралғылары жасалды.

Айта кеткен жөн, елші Түркия астанасындағы фотокөрменің ашылу салтанатында оққа ұшты. Оған қару кезенген бұрын түрік полициясында қызмет атқарған Мевлю Мерт Алтынташ есімді азамат болып шықты. Ол елшіні бес рет атқан. Одан кейін 62 жастағы дипломатты ауруханаға жеткізгенімен, жанын сақтап қалу мүмкін болмады. Қастандыққа байланысты тексеруді Ресей мен Түркия полициясы бірлесіп жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы