385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Патшайым Елизаветаның Британия премьер-министрінен көңілі қалды

  • 1370
Патшайым Елизаветаның Британия премьер-министрінен көңілі қалды http://www.vip.pt/

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Біріккен корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығу барысы қалай өтетінінен осы кезге дейін бейхабар.

Себебі ол Brexit туралы Британия премьер-министрі Тереза Мэйден сұрастырған кезде, үкімет басшысы өз жоспарымен бөліспей қойған. Бұл туралы сенімді дереккөзге сілтеме берген The Times хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Мэй Екінші Елизаветаға «Brexit дегеніміз Brexit» деп, қысқа ғана қайырып тастапты. Осыдан соң патшайымның Тереза Мэйден көңілі қалған. 

Букингем сарайындағылар бұл ақпаратқа қатысты пікір бөлісуден бас тартты.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы