386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында биыл 41 мектепке дейінгі мекеме ашылған

  • 693

Ақтөбелік кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасаудың тиімділігін түсінген.

Биыл облыс бойынша 41 мектепке дейінгі мекеме ашылса, соның отыз жетісі жаңа жүйемен қызмет көрсетеді. Бір емес, бірнеше балабақша ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер бар.

Ақтөбеде мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде салынған балабақшалар көбейді. Яғни, жергілікті кәсіпкерлер бұл салаға қаржы салудан қорықпайтын болды. Мысалға, жарық, заманауи, әдемі ғимаратты тұрғызған кәсіпкер қалада тағы бірнеше балабақша ашты. Оның игілігін халық көріп отыр.

Зәмзагүл Хамитқызын бүлдіршіндер қуана қарсы алады. Себебі, іскер әйелдің жиі келуге уақыты тапшы. Биыл бұдан басқа тағы 2 балабақшаның құрылысын аяқтап, 200 адамға жұмыс берді. Барлық нысанды өз қаражатына салды. Мысалы, 450 балаға арналған мына ғимараттың құрылысына және жабдықтауға 1 млрд теңге жұмсаған.

Зәмзагүл Баймағанбетова, кәсіпкер:

- Бүлдіршіндердің дамуына оң әсер етіп, ынтасын арттыратын түрлі үйірмелер жұмыс істеп тұр. Суда жүзіп үйрену үшін бассейн, денсаулықтарын нығайтуға арналған спорт залы бар. Ол жерде теннис ойнауды үйретеміз.

Мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің тиімділігі балабақша тапшылығы жойылады. Жыл санап өсіп келе жатқан өндірісті қалада 30 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Олардың көбі 3 жасқа дейінгі балалар. Ал, 3 жас пен 6 жас аралығындағы балғындарды қамту көрсеткіші 90%-дан асты. 

Сәуле Өмірбекова, облыстық білім беру басқармасының жетекшісі:

- Кәсіпкерлер осы бизнеске ақша сала бастады. Бұл дегеніміз болашаққа салынған инвестия дер едім. Екіншіден, мемлекет тапсырыс беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәжірибесі оң нәтижесін беріп отыр. Экономикалық тиімділігі де жоғары әрі бүлдіршіндерге сапалы тәрбие береміз.

Биыл облыста 41 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Оның көбін кәсіпкерлер өз қаражатына салды. Алдағы уақытта да ниет білдіріп отырғандар бар.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы