383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Ақтоғай кен байыту комбинаты аудан экономикасына серпін береді

  • 1217

Сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасында сынақтар мен іске қосу жұмыстары Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында басталған болатын.

KAZ Minerals Тобының соңғы ақпараттарына қарағанда мұнда сульфидті кеннен тауарлы мыс концентраты келесі жылдың бірінші тоқсанында өндіріледі деп көзделген. Алып камбинаттың құрылыс жұмыстарына 4 мыңнан астам адам тартылса, қазір мың жарым адам еңбекпен қамтылған. Индустриалды Даму Бағдарламасына кірген жобаның жүзеге асуы аудан экономикасына да, серпін беріп отыр.

Бақытжан Байахметов, Аягөз ауданының әкімі:

- Өндірілетін мыстың көлемі 90 мың тонна негізінде сульфидтік зауыттан және 15 мың тонна оксидтік зауыттан. Жалпы ауданның өнеркәсіп көлемінің жылдық көрсеткіші біз есептеп отырмыз, келесі жылы 37 миллиард деп. Бір жылдан кейін толық қуатына шыққанда ол 2 есеге өсетін болады.

Хабар 24 телеарнасы