389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұшақты басып алған қарақшылар Мальта билігіне берілді

  • 706
Ұшақты басып алған қарақшылар Мальта билігіне берілді Фото: REUTERS/Darrin Zamit-Lupi MALTA OUT

Кеше белгісіз біреулер Ливияда бортында 118 адамы бар жолаушылар ұшағын басып алған болатын.

Олар ұшақты Мальтаға айдап кеткен. Ұшақты жарып жібереміз деп сес көрсеткен 2 әуе қарақшысы сағаттар бойы жүргізілген келісімнің артынан өз еріктерімен берілді. Олар билікке берілместен бұрын борттағы күллі жолаушыларды босатқан. Тақтан құлатылған Муаммар Каддафи жақтаушысы болғанын алға тартқан әуе қарақшылары саяси баспана сұрады. Мальта әскері ұшақтан шыққан қарақшыларды тұтқындады.

Хабар 24 телеарнасы