389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мальта соты ұшақты ұрлап әкеткендерге ресми айып тақты

  • 673

Мальтада сот ұшақты ұрлап айдап әкеткен ливиялық екі азаматқа ресми айып тақты.

Егер кінәсі дәлелденсе, олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл оқиға өткен аптада болған еді. Екі ер адам Ливияда ішкі рейс жасаған әуе кемесін басып алып, күштеп бағытын Мальтаға өзгерткен. Негізі, қаскөйлер Италияға жетуді көздеген. Алайда жанармайы таусылып, лажсыз Мальтаға қонған. Олар Ливия түрмесіндегі сотталушыларды босатып, Бенгази қаласындағы содырлардың шығаруды талап еткен. Егер келіспесе, ұшақты жарып жібереміз дес қоқанлоқы жасаған. Бірнеше сағатқа созылған келіссөзден кейін шабуылшылар әуе кемесіне мінген 100-ден астам жолаушыны босатып, олармен бірге сытылып кетпек болғанда қолға түсті. Тәртіп сақшылары қаскүнемдерден гранат пен тапанша тәркіледі. Ұшақ ішін тінту кезінде де қару-жарақ табылған.

Хабар 24 телеарнасы