375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай тұрғыны 25 жыл бойы әскери гранатамен жаңғақ шаққан

  • 1146
Қытай тұрғыны 25 жыл бойы әскери гранатамен жаңғақ шаққан http://www.heute.at/Handgranate

Шэньси провинциясының Анканг қаласында тұратын ер адам ширек ғасыр бойы әскери гранатамен жаңғақ шағыпты.

Ол өз өмірі мен айналасындағыларға төнген қауіп туралы 25 жыл бойы білмеген, деп хабарлайды Daily Mail Online.

Сөйтсе, жарылғыш заттың бұл түрін шаруаға досы тарту етіпті. Ол да өз сыйлығының қаншалық қауіпті екенін білмеген екен.  Тек жуырда ғана олар тұратын аймақта жиі табылатын гранаталардың қауіптілігі туралы үнпарақтар жұрттың көзін ашқан.

Қазір полиция гранатаның қаншалықты қауіпті екендігін тексеріп жатыр.

Ал мұны естіген өзге жұрт әлеуметтік желіде «Samsung смартфонға қарағанда, әскери граната қауіпсіз болып шықты» деп, арқа-жарқа болып, біраз әзілдесті.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы