389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғыз елінің азаматтық ұшақтары үшін Еуроодақтың әуе кеңістігі жабық

  • 699

Еуропаның әуе кеңістігі қырғыз елі үшін биылды қосқанда 10 жыл бойы жабық тұр.

Себебі Қырғызстан азаматтық авиациясы Еуроодақтың қара тізіміне енгізілген. Қырғыз әуе компанияларындағы ұшақтардың тозығы жетуі тыйым салуға түрткі болған жалғыз себеп емес. ИКАО халықаралық авиация ұйымы Қырғызстанды қара тізімге 2006 жылы енгізген болатын. Ескірген ұшақтар, қызмет көрсетуші заманауи инфрақұрылымның жоқтығы, ұшу қауіпсіздігінің сенімсіздігі. Осы себептерді алға тартқан ұйым қырғыз компаниялары үшін Еуропа аспанын жапты. Еуроодақтың авиация саласындағы өкілдері Қырғызстанды одан әрі тексерген сайын саланың олқылығы көбеймесе, азайған жоқ.

Жамшитбек Калилов, ҚР көлік және коммуникация министрі:

- Егер 2006 жылы ИКАО еліміздің азаматтық авиациясына қатысты 67 рет ескерту жасаған болса, қазір бұл проблемалардың саны 128-ге жетті. Жартысы қаржылық сұраққа барып тірелетін ИКАО ескертулері бойынша олқылықтарды жою жөнінен екпінді жұмыс атқару керек. Соңғы жылдары бұл ұйымның мүшелік жарнасын төлемеген біздің елдің қарызы 680 мың доллардан асты.

Үкімет ИКАО қарызын жабу үшін 200 мың доллар бөлетін болды. Бірақ, бұл осымен Қырғызстан қара тізімнен шығады деген сөз емес, себебі ел құрылымдық мәселелерді шешпей отыр. Мысалы, халықаралық авиацияның міндетті шарты саналатын қауіпсіз ұшу жөнінен бағдарлама әзірленген жоқ. Премьер-министр көлік министрлігіне бұл құжатты бір жылда әзірлеуді тапсырды. Бірақ осы уақыт ішінде сала мамандарын әзірлеу қиын болады.

Мұхамедқұалый Абулгазиев, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Біздің азаматтық авиацияны дамытуға салалық ведомствоның өзі құлықты емес сияқты. Мұны ИКАО өкілдері көріп отыр, ұйым бізге қол ұшын созуға дайын болса да, біздің тарап құлық танытып отырған жоқ. Жалпы бұл саланы дұрыс үйлестірген жағдайда сала өзін-өзі асырап қана қоймай, қазынаға миллиондаған қаражат түсіре алады. Бірақ қазір тіпті азаматтық авиация жарнасын да төлей алмай отыр.

Ең үлкен проблема – кадр тапшылығы. Елімізде қырғыз ұшқыштары мен техникалық персоналдың біліктілігін арттыратын мекеме жоқ. Ал бұл үшін шетелге бару әуе компаниялары үшін тым қымбатқа түседі. Егер бұл салаға шетелдік инвестор келсе, қырғыз авиациясының жағдайы түзелуі мүмкін. Қазір жалғыз мемлекеттік әуе компаниясына қытайлық инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Олар әуе кәсіпорнының 49% акциясын сатып алуға дайын. Ал Еуроодақтың қара тізімінен құтылу үшін мәселені мықтап тұрып қолға алмаса болмайтын түрі бар.

Авторы: Бакыт Чермашев.

Хабар 24 телеарнасы