389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері анықталды

  • 748
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері анықталды фото: BNews.kz

Еліміздің 58 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды. 

Конкурсқа республикамыздың 84 жоғары оқу орындарынан 444 үміткер қатысты. Үміткерлердің 35%-ның ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушыларды құрады. Бұл жас мамандарды кеңінен тартуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, осы жылы оқытушылардың қызметі өзектендірілген үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Соның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.

Хабар 24 телеарнасы