386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында тұмау бойынша эпидемологиялық жағдай тұрақты

  • 766

Ақтөбе облысында тұмау бойынша эпидемологиялық жағдай тұрақты.

Жыл басынан бері вирусты-респираторлық ауру белгілерімен 3 мыңнан астам адам тіркелсе, оның тек 59-на тұмау диагнозы қойылған. Олардың 17-сі - балалар. Жағдай бірқалыпты болғанымен дәрігерлер арқаны кеңге салып отырған жоқ. Жер-жерде алдын-алу шаралары жүріп жатыр.

Гүлнәр Мәмбетжанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл Ақтөбе облысында 10 пайыздан астам халыққа біз тұмауға қарсы вакцинациядан өткіздік. Сондықтан бізде ешқандай асқынулар жоқ. Тұмаудан жағдай тұрақты. Кеңінен жоспарлау жұмыстары, эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы