389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кабулда парламент депутатына қастандық жасалды

  • 638

Ауғанстан астанасы Кабулда парламент депутатына қастандық жасалды.

Шабуылды ұйымдастырушылар жарылғыш затты саясаткердің көлігінің астына жасырған. Жарылыстан халық қалаулысының оққағары қаза тауып, тағы 3 кісі жарақат алды. Бірақ депутаттың өзі аман қалды. Қастандықты әлі ешқандай топ мойнына алған жоқ. Айта кетейік, Ауғанстанда соңғы уақытта қауіпсіздік жағдайы ушығып кеткен. Өйткені тәліптер елдегі ықпалын кеңейту үшін ірі қалаларға шабуылды жиілеткен.

Хабар 24 телеарнасы