423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиадаға билет алып, пәтер ұтып алуға болады Featured

  • 1645
Универсиадаға билет алып, пәтер ұтып алуға болады фото: Вечерний Алматы

Универсиадаға билет сатып алған кез келген адамның Алматыдан екі бөлмелі пәтер иесі болуға мүмкіндігі бар.

Бұл жаңалықты Универсиада ойындарының дирекциясы мәлімдеді. Ұтысқа тігілген екі бөлмелі пәтердің кілтін алу үшін спорттық ойындарға билет алып, сыйлықтар ұтысына қатысу керек. Ал лотореяның өту орны мен уақыты Универсиада ойындарының ресми сайтында жарияланады. Бұл хабар ел тұрғындарының қысқы ойындарды көруге деген қызығушылығын арттыратыны анық. Мұнымен қатар Универсиада ойындары дирекциясының хабарлауынша, ерікті болуға өтініш қабылдау уақыты аяқталды.

Абылай Қондыбаев, Бүкіләлемдік Универсиада-2017 ойындарының еріктілермен жұмыс департаментінің басшысы:

- Барлығы 14 165 өтініш түсті. Оның ішінде Алматы қаласы мен басқа да өңірлерден, Ресей мемлекетінен. Және де Универсиада тарихында бірінші рет 100 ерікті басқа да мемлекеттерден келетін болады.

Сондай-ақ дүбірлі додада ел намысын қорғайтын шаңғышылар командасы да толық жасақталып болды. Бұл жөнінде шаңғы жарысынан ұлттық федерация өкілдері мәлімдеді. Команда құрамына ел біріншілігі мен халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанған спортшылар алынды.

Хабар 24 телеарнасы