Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74

377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында білім беру саласының үздіктері марапатталды

  • 1121

Атырау облысында білім беру саласында еңбек етіп жатқан үздік ұстаздар марапатталды.

Жаңа жыл қарсаңында өңірдегі орта білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар мен үздік мұғалімдерге құрмет көрсетілді. Ел болашағы келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісінде ерекшеленген жандар министрлік тарапынан арнайы төсбелгілер мен құрмет грамоталарына ие болды. Мұғалімдер қауымы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жаңажылдық кештің сәнін кіргізді. Жалпы жергілікті педагогтар биылғы жылды жақсы нәтижелермен қорытындылағалы отыр. Жазда ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырған оқушылар қалаған жоғары оқу орнына түссе, келер жылы бітіретін түлектер халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпазы атанды.

Роза Қабдолова, Облыстық білім беру басқармасының өкілі:

- Өткен оқу жылында біз үшін жақсы, үлкен жетістіктеріміз бар. Оқушыларымыз ғылыми жобалардан, халықаралық олимпиадалардан, халықаралық ғылыми жобалар сайысынан көптеген жүлде алды. Соның ішінде 74 оқушымыз халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанып, оның ішінде 34 оқушымыз ҰБТ-дан босатылды.

Хабар 24 телеарнасы