375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа жыл жақындаса Ұлыбританияда жасыл алаңдағы жарыстар қыза түседі

  • 926

Жаңа жыл жақындаса Ұлыбританияда жасыл алаңдағы жарыстар қыза түседі.

Премьер-лиганың 18-туры аясында «Саутгемптон» «Сэнт Мэрис» стадионында «Тоттенхэмге» жеңілді. Алаң иелерінен Вирджил Ван Дейк 2-минутта есеп ашты. Алайда, биыл алғашқы төрттікке енгісі келетін лондондық клуб қатарынан 4 гол соғып, алаң иелерінің көңілін су сепкендей басты. Хари Кэйн мен Хон Сын Мин соққан екі гол және Делли Аллидің дублі қорытынды нәтижені шығарды. Есеп 1:4. Тоттенхем осы матчтан кейін 36 ұпаймен, 5-орында тұр. Айта кетейік, «Боксиң дейдің» аясындағы Тоттенхэмнің келесі ойыны 1 қаңтар күні өтеді. Ол кезде Маурисио Почеттино шәкірттері «Уотфордқа» қонаққа барады.

Маурисио Почеттино, «Тоттэнхем» командасының бас бапкері:

- Ойынның басы қатты болғанымен, аяғы тәтті болды. Алғашқы 10-15 минутта біз есеңгіреп қалдық. Алаңнан өз-өзімізді таба алмадық. Бірақ есепті теңестірісімен барлығы қалпына келді. Жігіттер мінез көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті.

Хабар 24 телеарнасы