386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылды

  • 717

Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылып, онымен көліктер жүре бастады.

Аспалы дәнекер Юньнань мен Гуйчжоу провинциясының арасында ағып жатқан Ничжу өзенінің үстінен салынып, екі өңірдің тас жолдарын жалғады. Ал көпірдің биіктігі 565 метр болса, ұзындығы 630 метрден асып түседі. Аспанмен астасқан жаңа көпірдің құрылысы 3 жыл жүргізіліп, оған 140 миллион доллар қаржы жұмсалған. Енді сапар шеккен жолаушылар жаңа құрылыстың арқасында көрші өңірге бұрынғыдай 4 емес, бір-ақ сағаттың ішінде жететін болды.

Хабар 24 телеарнасы