387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекия елшісінің мәйіті Рио-Де-Жанейродан табылды

  • 583

Рио-де-Жанейро полициясы Грекияның Бразилиядағы елшісінің мәйітін өртеніп кеткен көлік ішінен тапты.

Табылған дененің шын мәнінде грекиялық дипломат екенін нақтылау мақсатында мәйіт сараптамалық орталыққа жөнелтілген. Ал өртеніп кеткен машинаның мемлекеттік нөмірі елші жалға алған көліктікімен бірдей болып шықты. Бұл туралы жергілікті басылымдар жариялады. 59 жастағы дипломатты соңғы рет дүйсенбі күні көрген. Бұған дейін елшінің жоғалып кеткенін Геркия Сыртқы істер министрлігі де растаған болатын. Ол еңбек демалысын алып Риоға тынығуға келген. Алайда мұнда қандай жағдайға душар болғаны әліге дейін белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы