375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жаңа жылда түнгі марафон өтеді

  • 820

Ертістің етегін жайлаған ел-жұрт та жаңа жылды көтеріңкі көңілмен қарсы алмақ.

Аймақтағы спортты жанына серік еткен сергек жандар 31 желтоқсанда үш шақырымдық жүгіруге қатысып, салауатты өмір салтын насихаттайды. Игі шараны қолдаушылардың қарасы қалың. Белсенді тұрғындар марафонды қаңтардың біріне қараған түні бастап, тарих қойнауына енетін 2016 жылдың спорт маусымын осылай түйіндемек ойда. Мерекеге орай облыс орталығының көшелері әсем шамдармен безендірілді. Әсіресе, Орталық жағалауда орналасқан бас шырша Павлодардың ажарын ашып тұр.

Андрей Тарасов, Павлодар қалалық спорт бөлімінің басшысы:

- Жаңа жылды дәстүрлі дастархан басында қарсы алудың орнына жүгіріс ұйымдастырған дұрыс деп шештік. Табиғатпен тыныстап, далада сергек көңілмен қарсы алған бір ғанибет қой. 31 желтоқсанда сағат 23.55-те марафонымызды бастап, ақтық мәреге 2017 жылы жетеміз.

Хабар 24 телеарнасы