384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливияда Малиден келген мигранттар еліне қайтарылды

  • 454

Ливияның заңсыз мигранттармен күрес департаменті халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен малилік 157 босқынды еліне қайтарды.

Алдағы күндері олардың саны тағы да артпақ. Осы мақсатта Триполиде орналасқан Африка елдерінің елшілері Ливияның көші-қон департаментімен байқалысты күшейтіп, өз азаматтарын кері қайтару мәселесінде әріптестік орнатқан. Мәліметтерге қарағанда мұнда жүрген босқындардың дені Мали, Нигерия, Нигер, Гамбия және Сомали азаматтары. Айта кетейік, аймақтағы босқындар көші 2015 жалдан бастап белең алды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша мигранттардың дені Ливия арқылы Италияға жетіп, Кәрі құрлыққа енуді көздейді. Алайда қауіпті сапарда 47 босқынның біреуі көз жұмады екен. Оған қоса соңғы кезде Ливияда адам саудасы мен зорлық-зомбылык көбейген.

Хабар 24 телеарнасы