384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

  • 585

Ақтөбеде мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Он екі ауданның шаруалары жаздай жинаған өнімдерін тонналап әкеліп, қалалықтарды қарық қылды. 10 тоннадай ет, 3 тонна сүт өнімдері, 1 тонна балық пен 2 жарым тонна көкөніс базар бағасынан төменге сатылды. Одан бөлек, азық-түлік бағасын тұрақтаныру қорының өнімдері де сатылымға шығарылды. Қаладағы өзге коммерциялық базарларда картоп бағасы 80-90 теңге болса, жәрмеңкеде 60 теңгеден саудаланды. Пияздың келісі 45 теңге болса, сәбіз - 55 теңгеден. Кооперация бойынша көрші облыстардан жеткізілген өнімдердің нарқы да қолжетімді. Қант бағасы 220 теңгеден асқан жоқ. Ал күріштің келісі 165 теңге болды. Негізі, жыл бойы барлық аудан кезегімен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өтізді. Мерекелік жәрмеңкеде өнерпаздардың концерті мен спорттық шаралар да ұйымдастырылды.

Ақжарқын Ниязова, қала тұрғыны:

- Жәрмеңкеге келіп отырмыз бәріміз, жылқының етін алдық, балық алдық, бағасы жақсы, осындай жәрмеңкелер тек өте берсін. Халыққа ол тиімді. Жақсы, өте жақсы, жанұямен ертең тойлаймыз деп отырмын.

Ирина Мәдешова, әлеуметтік дүкен сатушысы:

- Халық өте көп жәрмеңкеде. Мен картоп пен қызылша сатып жатырмын. Қызылша 62 теңгеден, картоп 60 теңгеден. Таңғы сағат жетіден бастап, өз уақытында жұмыс бастадық. Бағаға көңілдері толып жатыр, халық риза, рахмет айтып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы