420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық керлингшілер Қысқы универсиадаға соңғы дайындықтарын пысықтады

  • 1681
Қазақстандық керлингшілер Қысқы универсиадаға соңғы дайындықтарын пысықтады

Қазақстанның керлинг бойынша құрамасы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындығын жалғастыруда.

Қазақстандық керлингшілер қараша айында Оңтүстік Кореяда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, Тынық мұхиты-Азия ойындарында өнер көрсетіп қайтты. Құрама Қысқы универсиадаға дайындығының қорытынды кезеңін Алматыда өткізуде.

Қазақстанда керлинг өте қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі болып табылады. 1998 жылдан бастап осы спорт түрі олимпиада бағдарламасына енгізілген болатын. Алматының Қысқы универсиаданы өткізуге құқық алуы елімізде керлингтің дамуына тағы бір серпін беріп отыр. Қазақстан Республикасы Керлинг қауымдастығының бас хатшысы Виктор Кимнің сөзіне қарағанда, Қысқы универсиадаға биік мақсаттарды көздеген жас команда қатысайын деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы