Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиадада шаңғышыларымыздан үміт зор

  • 316

Тәуелсіздік алған жылдан бері шаңғышыларымыз универсиададан құр алақан қайтқан емес.

Ал енді өз елімізде өтетін дүбірлі додада ұлттық құрама жүлде санын еселей түсуі керек. Оған барлық мүмкіндік те бар. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы талай чемпиондарды баптаған Юрий Старостин бірер аптадан кейін басталатын әлемдік жарысқа қатысты осындай пікір білдірді.

Қазір шаңғышыларымыздың нақты құрамы бекітіліп, қызу дайындыққа кірісті. Олардың арасында Ақмола облысынан 5 спортшы бар. Соңғы оқу-жаттығулар Беларусь елінде өтеді. 

Юрий Старостин, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы: 

- Біздің шаңғышылар Универсиада тарихында ойып тұрып өз орнын алды. Енді осы қарқынды төмендетпей, алдағы додода ең жоғары нәтиже көрсетуіміз керек. Әрине, өз елімізде өтетіні жақсы. Дегенмен, үлкен жауапкершілік те бар. Соған сәйкес, біздің спортшыларға психологиялық, һәм, физикалық тұрғыдан да үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Ел сенімі ақталады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы