423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейші қыздар Универсиадаға қызу дайындық үстінде

  • 1855

Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары кезінде өтетін он екі түрлі сайыстың бірі – хоккей.

Қазір осы спорт түрінен ерлер мен әйелдер құрамасы қызу дайындық үстінде. Азиада ойындарының үш мәрте чемпионы Александр Мальцев шәкірттері Универсиада кезінде де топ жарудан үмітті. Хоккейден Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарына тұңғыш рет 2015 жылы қатысты. Гранадада өткен жарыстарда біздің қыздар бесінші орын алған болатын. Мамандар сол жарысты Алматы Универсиадасына дайындық деп бағалаған еді. Студенттік команда жаңарғанымен, Испанияда ойнаған хоккейші қыздар да бар.

Меруерт Рысбек, Шайбалы хоккейден қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

- Универсиаданың біздің елде болғанына өте қуаныштымыз. Бар күшімізді салып, жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Және жүлделі орынға ие болуға тырысамыз.

Қазақстан құрамасы негізінен «Айсұлу» және «Томирис» клубының ойыншыларынан жасақталған. Біздің қыздар Канада, Ұлыбритания және Қытай спортшыларымен бір іріктеу тобында. Сондықтан жарыстың алғашқы күннен бастап тартысты өтері сөзсіз.

Александр Мальцев, Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының бас бапкері:

- Команда атынан хоккей жанкүйерлерін, студенттерді бізді қолдауға шақырамыз. Бәсеке оңай болмайды. Оның үстіне үйдегі жарыстар психилогиялық тұрғыдан да қиын. Сондықтан бұны да ескереміз.

Универсиадаға қатысатын қыздардың біразы ұлттық құрама сапында ойнады. Биыл олар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Ал Алматыдағы Универсиада аяқтала салысымен біздің қыздар Саппоро қаласында өтетін Азиада ойындарына аттанады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов.

Хабар 24 телеарнасы