423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Универсиада қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 1964

Алматылық құқық қорғаушылар байрақты бәсеке алдындағы міндеттеріне кірісті.

Шара аясында қала мен оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындары есепке алынды. Бекітілген тәртіп бойынша сақшылар күніне 40 үйді аралап шығады. Бұл түрмедегі темір тор емес, Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторы Ал мына адамдардың жеке басын қуәландыратын құжаттары болмаған. Сақшылар азаматтарды тексеріп, қандайда бір құқық бұзушылыққа қатысы жоқ болса, үйлеріне қайтарады. Универсиада алдындағы дайындық жұмыстарына байланысты жергілікті полиция қызметі тұрғындарды тексеріп, тізімге алуда. Сонымен қатар, мынадай тақтаға тізімдері ілінген күдіктілерді ұстау да сақшыларға жүктелген міндеттің бірі. Алматы қаласында қазір 1,5 миллионнан аса халық бар. Жиырма бесінші қаңтарға дейін созылатын есепке алу шарасы аясында тұрғындардың барлығы қамтылмақ. Әр сақшы күніне орта есеппен 40 үйдің есігін қағып, сонда тұратындарды тізімге алуда.

Қарлығаш Тұңғышбаева, қала тұрғыны:

- Өзіміздің учаскелік инспекторды танимын. Өте қарапайым, ақылды жігіт. Барлығын істейді, барлығын орындайды. Өте тыныш. Анда-санда келіп тексереді.

Есепке алу шарасының тағы бірнеше мақсаты бар. Қаладағы азаматтық қару мен оның иелері де тексеріледі. Оған қоса, құқық бұзушылық пен қылмыстың алуда міндетті.

Қуан Құттыбек, Наурызбай аудандық жергілікті полиция басшысының орынбасары:

- Бүгін басталған тексеріс барысында жергілікті полицияның партульдік қызметімен екі азамат ұсталды. Олардың жеке басын қуәландыратын құжаттары болмаған. Олар қазір аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, жеке бастары анықталуда.

Рейд Алматы облысының қалаға жапсарлай орналасқан аудандарында да өтуде. Басты мақсат - Универсиада алдында және бүкіләлемдік сайыс кезіндегі қауіпсіздікті күшейту.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев.

Хабар 24 телеарнасы