429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Армия спортшылары Қазақстан құрама командасының сапында Универсиадаға қатысады

  • 1984
Армия спортшылары Қазақстан құрама командасының сапында Универсиадаға қатысады

Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының тоғыз спортшысы Алматыда өтетін ХХVIII қысқы Универсиадада Қазақстан құрама командасының сапында сайысқа түседі.

Әскери қызметшілер биатлоннан, шаңғы жарысынан және шайбалы хоккейден жүлделі орындар үшін бағын сынайды.

Қатысушылар арасында АОСК спорт ротасының келісімшарт қызметіндегі, сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бар. Бүгінгі күні барлық спортшылар алдағы Универсиадаға жоспарлы түрде даярлыққа кіріскен. Сонымен, биатлон бойынша штаттық команданың спортшылары Германиядағы Әлем Кубогының сатыларында сайысады, содан кейін Италиядағы жарысқа қатысады.

Хабар 24 телеарнасы