426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Универсиада алауының қауіпсіздігі тексерілді

  • 2056

Өңірлерден жеткізілетін Универсиада алауының ұшақ бортындағы қауіпсіздігі тексерілді.

Әуе компаниясының мамандары алау сақтаушыларға техникалық талапты түсіндіріп, шыны сауытты жолаушылар орындығына қалай бекітуді үйретті. Алауды тасымалдауға арналған шыны сауыттың өзі өрт жағдайынан толықтай оқшауланған. Арнайы құты осыған дейін Сочи олимпиадасында пайдаланылды. Эстафета басталған күні әрбір алау сақшысына шыны сауыт беріліп, облыс орталықтарына жіберіледі. Сонымен қатар, оны тасымалдауға теміржол қызметі де ат салысуы мүмкін.

Сергей Вьярд, «Универсиада – 2017» эстафета алауының техникалық маманы:

- Алаудың тасымалдауға арналған шыны сауыт жезден жасалған. Әртүрлі соққыға шыдамды. Ал жанармайға арналған бөлік герметикпен қапталған. Тағы бір артықшылығы шыны сауыттың қақпағынан ауа өткенмен, оттың жалына өтпейді.

Хабар 24 телеарнасы