426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейден Универсиадаға 70 шағын автобус жөнелтілмек

  • 1733

Семей қаласынан Қысқы Универсиадаға арнайы 70 Газель Next шағын автобустары жөнелтілмек.

Салонының биіктігі екі метрге жуық қоғамдық көліктер жергілікті «СемАЗ» автоқұрастыру зауытында жасалған. Отандық өндіріспен танысқан Мәжіліс депутаттарын ықшамды көліктің жолаушылар тасымалдауға қолайлылығы қызықтырды. Сонымен қатар қала тұрғындарымен кездескен халық қалаулылары көптің көкейінде жүрген мәселелерді талқыға салды. Жұмыс сапары барысында заң шығарушы орган өкілдері бірнеше әлеуметтік және спорттық нысандарды да аралап шықты.

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Кездесулер белсенді түрде өтіп жатыр. Біздің сайлауышыларымыздың әртүрлі сала бойынша әртүрлі сұрақтарын қойып жатыр. Әсіресе заң жобасын өзгертеміз деген ұсыныстарды бірге талқылап, соны өзіміздің жұмысымызға келешекте жүзеге асыруға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы