426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада кезінде биатлоншылар Алатау спорт кешенінде жүлделі орындарды сарапқа салады

  • 2158

Биатлон десе ішер асын жерге қоятын жанкүйерлердің Универсиаданың басталуын асыға күтіп жүргені анық.

Әлем кубогы жолындағы жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген қыз-жігіттеріміз соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Биатлон жарысы көрер көзге қызық болғанымен, өте қиын спорт түрлерінің бірі. Спортшыларға аяққа шаңғы байлап жүгіру ғана емес, нысана көздеп мергендік танытулары тиіс. Универсиада кезінде ел намысын қорғайтын үміткерлер белгілі. Ерлер арасында Антон Пантов пен Роман Еремин секілді тәжірибелі жігіттерге бапкерлер сенім артады.

Михаил Дудченко, Биатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Біздің жігіттердің осалы жоқ. Бәріде халықаралық жарыстарға қатысып, әбден ысылған. Дегенмен Максим Браун мен Пантовты бөле жара айтсақ болады. Олар осы маусымның өзінде әлем кубогының кезеңінде ұпай алып үлгерді. Бұл үлкен нәтиже. Жастарымыздың да аяқ алысы жаман емес.

Биылғы маусым биатлоншылар үшін жарысқа толы. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі басталады. Әлем кубогының кезеңдері бар. Және Универсиада мен Азия ойындары күтіп тұр. Сондықтан босаңсуға уақыт жоқ.

Антон Пантов, Биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Біздер бұл жерде бірінші рет сынға түскелі отырған жоқпыз. Бұған дейін де ұлттық біріншілікте, ел кубогы жолындағы жарыстарда бақ сынадық. Ең қиын трасса екені рас. Егер күшіңді есеппен жұмсамасаң, мәре сызығына жетпей, шаршап қалуың мүмкін. Бұл жерде тәжірибенің маңызы зор.

Универсиада кезінде Биатлоншылар Алатау спорт кешенінде жүлделі орындарды сарапқа салады.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Мұхит Құдықбаев.

Хабар 24 телеарнасы