386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қысқы Универсиадада көбіне шаңғышылар Қазақстанның атын шығарады

  • 698

Қысқы Унирверсиада ойындарының есеп-қисабы өз алдына қызық тақырып.

Ойындар жақындаған сайын, біздің спортшылар қай спорт түрінде мықты деген сауалдар әлеуметтік желіде көптеп қойылуда. Тәуелсіз Қазақстан 1993 жылы Польшаның Закопане қаласында өткен Универсиадаға тұңғыш рет қатысты. Онда тек шайбалы хоккейшілеріміз ғана күміс жүлдегер атанды. Статистикаға көз жүгіртсек, қысқы Универсиадада Қазақстанның атын шаңғышылар шығарып жүргеніне көз жеткіземіз. Олар осы кезге дейін жеңген 44 медальдің 30-ын алған. Тіпті, 2 Универисада қатарынан Қазақстан қоржынына тек шаңғышылар ғана жүлде салған. Мысалы, 2003 жылы Тарвизио, 2005 жылы Инсбургктегі Ойындарда тек шаңғышылар ғана медаль алды. Сонда барлығы 8 қысқы Универсиадаға қатысқан Қазақстан небәрі 5-ақ спорт түрінен медаль алыпты. 

Хабар 24 телеарнасы