388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қысқы универсиаданы қолдау мақсатында еріктілер флешмоб өткізді

  • 449
Қысқы универсиаданы қолдау мақсатында еріктілер флешмоб өткізді

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығы алдындағы алаңда қысқы универсиада еріктілері әсерлі флешмоб өткізді.

Жүздеген адам латынның «U» әрпі түрінде сапқа тұрып, алда келе жатқан жарыстардың ұрандарын мәнерлеп оқып шықты.

Флешмобтың басты мақсаттарының бірі еріктілердің алда келе жатқан жарыстарға дайындығын көрсету болды. Алматыдағы Қысқы универсиадаға барлығы 3000 ерікті атсалысатын болады. Еріктілердің басым көпшілігі Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан, алайда олардың арасында алыс және таяу шетелден келген азаматтар да бар.

 

Айта кеткен жөн, 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алматыда 29 қаңтардан бастап 8 ақпан аралығында өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы