389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украиналық спортшылар Универсиадаға қатысып, алдыңғы қатардан көрінуге ниетті

  • 542

Украиналық спортшылар 28-ші Қысқы дүниежүзілік Универсиадаға қатысып, алдыңғы қатардан көрінуге ниетті.

Бұл жолаушылардың жүгі басқаларға қарағанда өзгеше. Қолдарында шаңғы мен спорттық қару жарақтар. Украинадан алғашқы болып жолға шыққандар - шаңғышылар мен биатлоншылар. Спортшылардың ұлттық тудың түсіне ұқсатып арнайы тігілген спорттық киімдері дүйім жұрттың көзіне бірден ілігеді. Бұл жолы Украинаның атынан универсиадаға 61 студент қатысады. Олардың арасында спорт саласының болашақ тілшісі Дмитрий де бар. Оның биатломен айналысқанына 10 жыл болыпты. Спортшы алтын жүлде алуға ниетті.

Дмитрий Русинов, Украина құрамасының мүшесі:

- Мақсатым - жеңіспен оралу. Команда мүшелерінің көңіл-күйі жақсы. Бірыңғай мықты спортшылар жиналған. Кейін қатарымызға Еуропа чемпионатынан келе жатқан бірнеше адам қосылады. Яғни жүлделі болу мүмкіндігіміз жоғары.

Шаңғышы Виктория спортқа 10 жасында келген. Спортпен білімді қатар алып жүрген ару ветеринарлық дәрігер оқуын бітіріп, қазір заңгер мамандығын игеруде. Оның айтуынша спорт пен оқуды қатар алып жүру оңай емес. Қиындықтардан тайсалмайтын Викторияның түпкілікті мақсаты Олимпиадаға қатысу.

Виктория Олех, Украина құрамасының мүшесі

- Универсиада студенттердің олимпиадасы десек артық болмас. Мақсатыма жету үшін аянбай бар күшімді салуға тырысамын. Өзіміздің жеңіске лайық екенімізді дәлелдейміз. Жүлделі орындарға қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Бапкерлер мен ұйымдастырушылар студенттердің дүбірлі додаға дайын болуы үшін қажетті жағдай жасалғанын алға тартады. Олардың айтуынша, осындай ауқымды спорттық шараға қатысуы спортшылар үшін, жалпы Украина үшін үлкен мәртебе.

Вадим Стеценко, Украина БҒМ спорт  комитетінің басшысы

- Біздің міндетіміз - ұйымдастыру жұмысын мінсіз атқару. Спортшылар мен бапкерлер ештеңеге алаңдамай, жарысқа дайындалуы тиіс.

28-ші Қысқыдүниежүзілік Универсиада спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Украина құрамасы сайыстардың 10 түріне қатысады. Өткен жолы жалпы қорытынды бойынша Украина 13-орынды иеленген болатын. Биыл Украина одан да жақсы нәтижеге қол жеткізбек.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко.

Хабар 24 телеарнасы