389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Алау эстафетасы өндірісті өңір Ақтөбеде жалғасты

  • 820

Қысқы Универсиада алауы өндірісті өңір Ақтөбеге де жетіп, Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университет алдында жағылды.

Эстафета бастау алған жерге жүздеген адам жиналды. Универсиада алауын ақтөбеліктер қуана қабыл алды. Қалада бір ай бойы қызу дайындық жүрді. Танымал спортшылар, оқу озаттары мен қоғам белсенділері, барлығы, 60 адам Алауды ұстау құрметіне ие болды. Тағы 11 адам «Алау сақшысы» міндетін атқарып жүр. Жалпы, Алау ұстаушылар арасында дойбыдан 8 дүркін Әлем чемпионы Мират Жекеев, кір тасын көтеруден бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Алмагүл Шамғонова сынды спортшылар бар. Одан бөлек, қоғамдық шаралардан шет қалмай, әр іске белсене ат салысатын кәсіпкерлерді де көруге болады. Алау сақшылары да, шетінен сен тұр, мен атайын дейтін кіл мықтылар. Алауды қорғаушылар қатарында кір тасын көтеруден 13 дүркін Әлем чемпионы Евгений Гончарев бар. Алаугерлер қаланың орталық көшелерімен 12 шақырымды жүріп өтеді. Дәл қазір олар Тұңғыш Президент атындағы саябаққа жақындап қалды. Осы жерден Алау Алматы қаласына аттанады. Алауды Алматы қаласына жеткізу жүзуден Халықаралық дәрежедегі спорт шебері- Қамзенов Айбекке жүктелді. Эстфета соңы осы орталық саябақта мерекелік шараға ұласады. 

Хабар 24 телеарнасы