389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік оқушылар Қысқы Универсиаданы қолдап, мектепаралық спартакиада өткізді

  • 656

Ақтөбелік оқушылар Қысқы Универсиаданы қолдап, мектепаралық спартакиада өткізді.

Бес мектептен 300-ден аса бала қатысып, қысқы спорт түрлерінен сынға түсті. Шаңғыны таңдаған жасөспірімдер 1 000 метр жерді жүріп өтсе, кішкентай қатысушылар шанаға отырып жарысты. Сонымен бірге, бірнеше хоккей командасы өзара бақ сынады. Тіпті, қар үстінде шағын футбол ойнаушылар да табылды. Айта кетейік, мектеп ауласындағы хоккей ойнайтын мұз айдынын оқушылар өздері құйған. Ақтөбеде қысқы спорттың осы түрі жақсы дамып келеді. Биыл қалада жабық хоккей модулі ашылады деп жоспарланып отыр. Жарыс соңында үздік командалар марапатталды.

Темірлан Қонысқалиұлы, жарысқа қатысушы:

- Алматыда болып жатқан Универсиадаға осы хоккей ойынын арнаймыз. Алматыдағы біздің қатысушыларға жүлделі орын алуына тілектеспіз. Мен хоккей ойынын жақсы көремін, хоккеймен айналысып жатқаныма 3 жыл болып қалды. Осы Ақтөбеде басқа да мектептерде командалар құрылса, бізге жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы