386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

  • 1077
Бүгін қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Бүгін – хоккейшілер үшін екінші жарыс күні. Ал өзге спортшылар жарыс алаңына Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатынан соң келесі күні шықпақ. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бұл күні топтық кезең аясында әйелдер хоккейінен тек бір кездесу ғана болады.

10:00 Алматыда Универсиада алауы эстафетасының басталуы.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей (Әйелдер). Топтық кезең;

Құрама: АҚШ-Ресей;

Уақыты: 12:30-да (Астана уақытымен);

19:00 Алматыдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты.

Айтулы жарыстың салтанатты ашылу рәсімі «Алматы Аренада» өтеді. Айта кетейік, спорттың 12 түрінен 171 спортшы Қазақстан намысын қорғамақ. Сондай-ақ 10 жарыс күнінде 85 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Хабар 24 телеарнасы