385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қысқы Универсиада: Бүгін алғашқы медаль жиынтығы сарапқа салынады

  • 833

28-ші қысқы Универсиаданың алғашқы жарыс күні басталды.

Бүгін бірнеше медаль сарапқа салынады. Шымбұлақтағы шаңғы кешенінде қазір бәсеке қызған.

Шынында да, бүгін Шымбұлақта жарыс кезек алды. Жарыс болғанда да кәдімгі жүйрікті анықтайтын дода басталды. Екі бірдей сала бойынша сайыс өтіп жатыр. Мысалы, тау шаңғысынан әйелдер мен ерлер супер гиганттағы мықтыны анықтайды. Төрешілер тіркеген тізімге сүйеніп айтар болсақ, жігіттер сынында 74 үміткер жарыс жолына шығыпты. Оның бесеуі қазақстандық спортшы. Әйелдер бәсекесінде 42 спортшы тіркелген. Мария Григорова мен Екатерина Карпова да өз шамаларын байқап көреді. Қыздар жарты сағат бұрын жарысты бастаған. Қазір кезегімен сынға түсіп жатыр. Кімнің мықты екені түстен кейін белгілі болады. Сноубордшылар да өз өнерлерін паш етуде. Шымбұлақ бүгін бірнеше спортшыға алтын медаль ұсынады. Жалпы бүгін сарапқа салынатын бас жүлде саны – 8

Хабар 24 телеарнасы