389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екатерина Айдова қысқа қашықтықтарда, әсіресе 500 метрлікте өзін еркін сезінеді

  • 568

Екатерина Айдова - 28 қысқы Универсиаданың қола жүлдегері. Мың жарым метрлік қашықтықта өнер көрсеткен Екатерина үшінші орынды қанағат тұтты. Айдова ұшқыр спортшы. Ол қысқа қашықтықтарда, әсіресе 500 метрлікте өзін еркін сезінеді. Бір жарым шақырымда да шеберлігін шыңдапты. Дегенмен тәжірибенің аздығы жалпы нәтижеге әсер еткені анық. Оны Айдованың өзі де айтты. Бас жүлде Ресей спортшысы Александра Качуркинаға бұйырды. Екатеринамен бірге жүгірген жапон қызы Нана Такахаши екінші орынды алды. Мамандар осы үшеуінің бірі топ жаратынын күні бұрын айтқан еді. «Медеуде» Александра ешкімге дес бермеді.

Екатерина Айдова, Универсиаданың қола жүлдегері:

- Бұл енді мен жүгіретін қашықтық емес қой. Мүмкін тәжірибе жетпеген шығар. Енді бес жүз метрлік, мың метрлік сындар күтіп тұр. Жұрт айтып жүр ғой сол қашықтықтар маған қолайлы деп. Өзім де солай ойлаймын. Демек барымды салуға дайынмын.

Хабар 24 телеарнасы