389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада билеттерін сатқан алыпсатарлар ұсталды

  • 439

Алматыдағы аламанның қызығымен қатар шыжығы да бар.

Универсиада билеттерін сатқан алыпсатарлар ұсталды. Тәртіп сақшылары заң бұзған төрт адамды Орталық стадион маңында қолға түсіріп, олардан 80 билет тәркіледі. Сондай-ақ «Халық Арена» кешені кіреберісінде де бағасын көтеріп, 42 билет саудалаған азамат ұсталды. Енді олар әкімшілік, тіпті қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.

Айта кетсек, билеттерді тек Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Мемлекеттік цирк, Республика сарайы және «Меломан» желісінің кассаларынан сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы