388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Универсиаданың хоккей турнирі жалғасып жатыр

  • 513

Алматыда Универсиаданың хоккей турнирі жалғасып жатыр. Дәл қазір Қазақстан мен Швеция командалары тартысқа түскен матч өтіп жатыр. Әзірге Қазақстан командасы алда келеді.

Бүгін «Халық Аренаға» жиналған көрермендердің қатары көп. Қос команда әдемі ойын көрсетіп жатыр. «А» тобында Қазақстан, Швециямен қатар Чехия және Қытай командалары бар. Біздің елдің жігіттері алғашқы ойында Қытайдың қақпасына жауапсыз 22 шайба соққан болатын. Ал шведтер кеше чехиялық студенттерге есе жіберді. Топтық кезеңнің үшінші ойынын Сергей Старыгиннің шәкірттері 3 ақпан күні Чехия командасына қарсы өткізеді. 

Хабар 24 телеарнасы