388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жанбота мен Бағлан Универсиада чемпионы атанды

  • 817

Жанбота мен Бағлан 28-ші қысқы Универсиада чемпиондары атанды.

Өзге даңқ оларға жарасар ма еді? Екеуі де еңбекқор, екеуі де шебер. Фристайл акробатикасын әбден меңгерген. Шаңғыға қанат байлап алғандай әсер беретін өрнектері төрешілердің көңілінен шықса керек, Қытай сенім артқан екі команданы да артқа тастап, жеңіс тұғырының биік сатысынан орын сайлады. Жанбота Алдабергенова кеше де жүлдеге ілініп еді ғой. Енді міне, кешенді сынның келісті спортшысына айналды. Бағлан Іңкәрбектің де бағы жанған күн болды.

Хабар 24 телеарнасы