389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Медеу мұз айдынында конькимен жүгіру жарысы да жалғасып жатыр

  • 502
Медеу мұз айдынында конькимен жүгіру жарысы да жалғасып жатыр

Медеу мұз айдынында конькимен жүгіру жарысы да жалғасып жатыр.

Қыздар арасындағы сайысқа 15 мемлекеттен 32 спортшы қатыcып, 3 мың метр қашықтықта сынға түсті. Аталған жарыс жолында біздің үш үміткеріміз бар. Олар - Эльвира Халықова, Мария Сизова және Татьяна Кримчук. Нәтижесі қатысушылар түгелдей жарыс жолына шығып біткен соң белгілі болады. Одан кейін ерлер 500 метр қашықтықта бақ сынасады. Бұл сайыстағы еліміздің басты үміткері - Роман Кречет.

Людмила Прокашева, конькимен жүгіру спортынан Қазақстанның бас жаттықтырушысы:

- Роман Креч осы маусымдағы әлем кубогы жарысында алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс оның өміріндегі алғашқы үлкен жетістігі. Конькимен жүгірушілер 500 метрлік қашықтықта екі рет жүгіреді. Екі нәтиже біріктіріліп, ортақ уақыт шығарылады. Мен Романға сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы