387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарламада бірінші орын алды Featured

  • 877
Универсиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарламада бірінші орын алды vesti.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыдағы Универсиада ойындарының бірінші күніндегі қысқа бағдарламада бірінші орын алды. Отандасымыз өз жаттығуын шеберлік шыңына жеткізе орындап шықты.

«Ромео және Джульетта» әуенмен өнер көрсеткен отандасымыз қысқа бағдарламадан кейін 94,91 ұпай жинап, көш бастап тұр. Екінші орында жапон спортшысы Кейдзи Танака келеді. Ол да өз жаттығуын ойдағыдай орындап, 89.05 ұпай жинады. Қысқа бағдарлама бойынша үздік үштікті ресейлік Артур Дмитриев (87.18 ұпай) түйіндеп тұр. 

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сынға Денистен өзге еліміздің атынан Абзал Рақымғалиев пен Артур Паникхин қатысты. Абзал 68.25 ұпай жинап, іріктеу кезеңінен өтті. Ал Артур 54.11 ұпаймен еркін бағдарламаны орындау сынына жолдама ала алмады.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан жарыс жеңімпазы қос бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады. Еркін бағдарлама ойындары ертең өтеді.

Ақпарат көзіkaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы