432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Қазақстан хоккейшілері чех командасымен тартысқа түсті

  • 882

Алматыдағы «Халық Арена» кешеніндегі Универсиаданың кезекті сайысы басталғанына жарты сағаттан асты.

Хоккейші жігіттеріміз чех командасымен тартысқа түсіп жатыр. Бұл бәсекеде жерлестеріміз жеңсе, топтық кезеңнен топ жарып шықпақ.

Жарыстың екінші таймы басталып кетті. Мұзайдынында екі елдің хоккейшілері шайбаға иелік етіп, гол салу үшін тартысып жатыр. Айта кетсек, хоккей елімізде жанкүйерлері көп спорттың бірі. Өйткені Универсиада басталғалы бері хоккейшілердің ойынын көруге келетіндердің қатары артпаса, кемімеген. Тағы бір ақпар. Бүгін кездесетін екі команданың да қоржынында ширек финалға жолдама бар. Біздің спортшылар осыған дейін екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Нақтырақ айтсақ, Қытай командасын 22:0, шведтерді 5:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бүгінгі жарыстан ұтса, қоржыны тоғыз ұпайға толығады. Ал ширек финалдағы қауіпті қарсыластары Канада мен Ресей болғалы тұр. 

Хабар 24 телеарнасы