387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

28-ші Универсиада ойындарында биатлоннан командалық сайыс басталды

  • 514

Жер-жаһанның жанкүйерлері көз тіккен 28-ші Универсиада ойындарында биатлоннан командалық сайыс басталды.

Аралас эстафета бойынша өтетін жарыста тоғыз елдің үкілеген үміттері бақ сынасып жатыр. Олимпиада ойындарындағы жас бағдарлама саналатын бұл спорт түрінен еліміздің намысын төрт спортшымыз қорғайды. Алатау шаңғы кешеніндегі бүгінгі күннің басты сайысы басталып кетті. Аралас эстафета бағдарламасы биатлондағы маңызды жарыстардың бірі. Мұнда әр елдің атынан төрт спортшы бір уақытта жарыс жолына шығады. Яғни, екі қыз және екі жігіттен тұрады. Бүгінгі сайыста 9 мемлекеттің 36 спортшысы үздікті анықтауды бастап кетті. Айта кетсек, қыздар алты шақырымда бақ сынайды. Ал, жігіттер жеті жарым шақырымда жарысады. Бұл аралас эстафетаның басты міндеті. Бүгінгі байрақты бәсекеде біздің елдің намысын Галина Вишневская, Дария Усанова, Василий Подкарытов және Антон Пантов қорғайды. Бұл сайыстағы қауіпті қарсылас Ресей мен Канада құрамасы болып тұр. 

Хабар 24 телеарнасы