384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Шаңғышы қыздарымыз эстафета жарысының күміс жүлдесіне ие болды

  • 476

Шаңғышы қыздарымыз Алматыдағы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.

Әйелдер арасындағы эстафеталық сайыста Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быкова үштігі жарыс жолына шығып, ел қоржынына төртінші күміс медальды салды. Жалпы «Алатау» кешеніндегі шаңғышылар сайысы Ресей мен Қазақстан арасындағы бәсекеге айналды. Бүгінгі эстафеталық сында да алтынды орыс пен қазақ спортшылары өзара сарапқа салды. Шешуші сында соңғы болып, қазақстандық Ирина Быкова мен ресейлік Анна Нечаевская мәреден шыққан. Кімнің басым екені алғашқы айналымнан кейін белгілі болды. Ресейлік шаңғышы көмбеге таяған тұста жылдамдығын арттырып, жерлесімізден ұзай түсті. Нәтижесінде Ресей құрамасы біздің қыздардан 52 секунд бұрын келді. Эстафетаның қола медалі Франция қыздарына бұйырды. Енді шаңғышы жігіттер жарысты бастайды.

Ольга Мандрика, Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері:

- Ең алдымен, шаңғымызды майлап дайындайтын жаттықтырушыларға алғыс айтамыз. Олар бізге дұрыс нұсқау беріп, қай кезде жылдамдық қосып, шабуылға шығу керек екенін дер кезінде айтып отырды. Енді алтынға сәл жетпей қалды. Бірақ біз үшін күмістің өзі жетістік.

Ирина Быкова, Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері:

- Мен соңғы болып жарысқа шықтым. Сондықтан маған екі есе жауапкершілік жүктелді. Аздап сенімді ақтай алмай қалдым деп ойлаймын. Алайда еркін әдіспен жүгіруде мен бұған дейін 16-орындардан көрініп жүрдім. Сондықтан сәттілік орыстарда болды.

Хабар 24 телеарнасы