384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан хоккейшілері финалға шықты

  • 905
Қазақстан хоккейшілері финалға шықты almaty2017.com

Шайбалы хоккейден Универсиада ойындарына қатысып жатқан Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты.

Отандастарымыз жартылай финалда чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды.

Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен ұтқан еді. Бүгін Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты.

Бірінші кезеңде чех хоккейшілері ширақ ойнады. 17-минутта бірінші болып шайба соғып, алға шықты. Ал Қазақстан хоккейшілері Универсиада ойындарындағы алғашқы шайбасын қақпаларына кіргізіп алды. Дегенмен араға бірер минут сала отандастарымыз таразы басын теңестірді. Даниэль Арност соққан шайбаға Константин Савенков жауап қатты.

Екінші кезең басында да Чехия хоккейшілері жинақы ойнады. Сәті түскенде шабуылдаумен болды. 30-минутта Дмитрий Грентц шайба соғып, Қазақстанды алға шығарды. Жанкүйерлер қолдауымен желпіне түскен қазақстандық хоккейшілер араға бірер минут сала қарсыластар қақпасына үшінші шайбаны тоғытты. Бұл жолы Павел Аколжиннің алыстан бағыттаған шайбасы қақпа ішінен табылды.

Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы толық басымдығын танытты. 42-минутта Алексей Антицеферов төртінші шайба авторы атанып, Қазақстанға айқын жеңіс сыйлады.

Финалда Қазақстан хоккейшілері Ресеймен кездеседі. Олар бүгін жартылай финалда Канада хоккейшілерін 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz 

Хабар 24 телеарнасы