383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шайбалы хоккейден Қазақстан-Ресей финалдық кездесуін 15.00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер

  • 1218
Шайбалы хоккейден Қазақстан-Ресей финалдық кездесуін 15.00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер фото: Vesti.kz

Хоккейден Универсиада ойындарына қатысып жатқан Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты.

Отандастарымыз жартылай финалда чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды. Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен ұтқан еді. Ал кеше Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты. Бүгін финалда Қазақстан хоккейшілері Ресеймен кездеседі. Олар жартылай финалда Канада хоккейшілерін 4:1 есебімен ұтқан болатын. Сағат 15.00-де «Хабар» арнасынан Қазақстан-Ресей командаларының шайбалы хоккейден финалдық кездесуінен тікелей көрсетілімді тамашалаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы