383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-Ресей: финалда кімнің мерейі үстем болады?

  • 1011

Осы минуттарда Алматыдағы «Халық аренада» шайбалы хоккейден финалдық ойын өтіп жатыр.

Шынында да мұнда жан алысып, жан беріскен бәсеке өтуде. Турнир бойы ұпайдан шашау шығармаған Қазақстан мен Ресей хоккейшілері енді өзара мықтыны анықтауға кірісіп кетті. Бүгін 28-ші қысқы Универсиаданың соңғы жарыс күні екенін айтып жатыр ғой. «Халық-Аренада» қазір сексен бесінші бас жүлде иегеріне жүлде ұстатамыз. Сәл бұрын шайбалы хоккейден қола медаль алған команда анықталды. Канада Чехияны жеңіп, турнирдің үшінші командасы атанды. Финал туралы айтатын болсақ. Азуына айға білеген қос мықтының нағыз көкжалы ойын соңында көрініс беретін секілді. Ресей есеп ашып, әзірге алға шықты.

Авторы: Амангелді Сейітхан

Хабар 24 телеарнасы