420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Экспедиция 25» Сыр еліне келіп жетті

  • 1171

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жолға шыққан «Экспедиция 25» атты автоэкспедициясы Сыр еліне келіп жетті.

Бұған дейін Алматы, Тараз және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған олар енді Ақмешіт атырабының да айшықты тұстарымен таныспақ. Қазақ географиялық қоғамының бастамасымен ішкі туризмді дамытуды көздеген саяхатшы топ құрамында «Хабар» телеарнасы да бар. Еліміздің тұмса табиғаты мен тарихы, құнды ескерткіштері жолсапар барысында түсірілетін арнайы бағдарламаға арқау болмақ. Күрішті өлкеге табан тіреген топ әйгілі «Ақмаржаннан» тағам дайындаудың қыр-сырына қанықты. Экспедицияның Қызылорда өңіріндегі сапары Қорқыт ата кешені, Байқоңыр қаласы мен Арал ауданында жалғасады.

Мәдина Жандарбекова, автоэкспедиция мүшесі:

- Арал ауданында біз «Барсакелмес» ұлттық паркін көріп, Арал теңізін көріп және көрікті жерлерді аралап, барша телекөрермендерге көрсеткіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы